428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада су бағасы өсуі мүмкін

  • 222
  • UPD: 15:19, 06.10.2020
Елордада су бағасы өсуі мүмкін

Бұл туралы «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматы аудандық әкімдігі қабырғасында өткен қоғамдық тыңдау кезінде компания басшылығы арнайы жоспарды таныстырды. Жоспар бойынша сумен қамту және су тарту тарифі шамамен 40-тан астам процентке өсуі ықтимал. Мұны мамандар инфляциямен және шығын көлемінің артуымен түсіндіреді.

Табиғат Зейнулқабден, «Астана су арнасы» МКК бас директоры:

- Бүгінгі күні біздің тариф бойынша орташа есеппен санаған кезде ауызсу 94 теңге, кәріз 86 теңге, енді 44 пайызға суды көтереміз, сосын кәріз бағасын 137 пайызға көтереміз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы