432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ішкі нарықты отандық өнімдермен молайту бойынша 13 жоба жүзеге асады

  • 179
Ішкі нарықты отандық өнімдермен молайту бойынша 13 жоба жүзеге асады

Ішкі нарықты отандық өнімдермен молайту жөнінде 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында белгілі болды. Құжат азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша өндірісті ұлғайту және тиісті шараларды іске асыруды көздейді. Атап айтқанда, құс еті, ірімшік пен сүзбе, алма, қант, шұжық және балық өнімдері. Тек құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет. Бұл міндет жаңа фабрикаларды іске қосу, ал қолданыстағылардың жұмысын кеңейту есебінен 2023 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.

Бұл үшін 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ отандық нарыққа түсетін алма мен сүт және шұжық өнімдері импортын да азайтуға бағытталған жұмыстар жүрмек.

Хабар 24 телеарнасы