428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сапархан Омаров Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалуы туралы айтты

  • 105
  • UPD: 17:14, 06.10.2020
Сапархан Омаров Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалуы туралы айтты

Ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толықтыру жөніндегі «Кешенді жоспар» бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, бекіту үшін Үкіметке енгізілетін болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында министрлік алдына бірқатар міндет қойды, оларды шешу агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жаңа серпін береді. Бірінші кезекте бұл келесі бесжылдыққа арналған «АӨК дамыту жөніндегі» жаңа ұлттық жобаны әзірлеу. Осы бағдарламалық құжатты дайындауға FAO беделді халықаралық ұйымы тартылды. Маңызды құжаттың құрамына енген алғашқы жобалар, жаңашылдықтар биылғы желтоқсан айында тұжырымдама түрінде жасалады», - деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды, оның құрамына «Атамекен» ҰКП, фермерлердің салалық қауымдастықтары мен одақтары, аграрлық ғылым өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары кірді.

АӨК дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі құжатының жобасын әзірлегеннен кейін жұмыс тобының құрамы кеңейтіліп, кеңінен талқылау жүргізілетін болады.

Құжаттың басты мақсаттарының бірі ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы міндет шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толықтыру бойынша «Кешенді жоспар» жобасын әзірледі. Бүгін ол Үкіметте таныстырылды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша жоба бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, бекіту үшін Үкіметке енгізілетін болады.

Ақпарат көзі: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы