Осы жылдың 25 мамырында блок-бекетте екі полиция қызметкерін жазым еткен Азат Азаматовтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қылмыстық істің Алматы облысының Қарасай аудандық сотында қаралып жатқанын бұған дейін де хабарларымызда айтқан едік. 25 қыркүйекте болған сот отырысында апаттан зардап шеккен Ербұлан Сейдазым мен сол бекетке жақын тұратын Сәлима есімді тұрғын куәгер ретінде тыңдалды. Ал, бүгінгі тыңдау қалай болып жатыр екен?