427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елімізде тамақ өнімдері 10,4%-ке қымбаттаған

  • 101
  • UPD: 23:24, 06.10.2020
Биыл елімізде тамақ өнімдері 10,4%-ке қымбаттаған фото: inform.kz

Елдегі қант, сүт және ет өнімдерінің импорты 30%-тен асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл сайын 3,6 млрд долларға шет елдерден азық-түлік алып отырмыз. Осының салдарынан карантин кезінде елімізде тамақ өнімдерінің бағасы былтырғымен салыстырғанда 10,4%-ке қымбаттаған. Ал, бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – ғылымды дамыту. Бүгін «Ауыл» патиясының өкілдерімен кездескен ғалымдар осылай деді. Ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мемлекет тарапынан мүмкіндік жасалу керек. Мысалы, шалғай жатқан ауылдарда инженерлік-техникалық интеллегенцияның жоқтығы, экономикамызға кері әсерін тигізіп отыр. Ауылшаруашылық саласындағы техникаларды жаңартып, ауыр машиналар мен олардың қосалқы бөлшектерін өз елімізде шығаруға тиіспіз. «Бұрынғыдай тәжірибелік станциялар мен ұжымдастықты қайта жаңғырту керек», - деп есептейді ғалымдар.

Мұса Ұлтанбаев, «Ауыл» халықтық-демокартиялық патриоттық партиясының мүшесі:

- Бүгін ғалымдарды тыңдадық, ғалымдардың түйткілді жағдайды, мына өндірісте болып жатқан кемшіліктердің барлығын тыңдадық, енді болашақта осы ғалымдармен бірге жұмыс істеп, осыны шешу жолдарын айқын тауып, резолюция ретінде Парламентке жолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы