432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркиядан Атырауға ұшып келгендер карантинге жабылды

  • 168
  • UPD: 15:18, 07.10.2020
Түркиядан Атырауға ұшып келгендер карантинге жабылды

Атырауға «Ыстанбұл-Атырау» әуе рейсімен ұшып келген 20 жолаушы карантинге жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, «Ыстанбұл-Атырау» халықаралық әуе рейсімен 115 жолаушы ұшып келген. Олардың арасында 95 жолаушының ПТР-тестінің теріс қорытындысы туралы анықтама болған. Ал қалған жолаушыларды карантинге жатқызу туралы шешім қабылданды.

«Түркиядан әуе рейсімен ұшып келген 20 жолаушыда коронавирус инфекциясына ПТР-тест анықтамасы болмады. Сол себепті олар ПТР-тест қорытындысы шыққанға дейін карантинде болады. Қазір Атырауда карантиндік стационар үшін екі нысан дайындалды. Бұлар «Шағала» қонақ үйі мен Атырау сервистік колледжінің ғимараты», - деп хабарлады Гүлназ Ербатырова.

Айтуынша, ПТР-тест талдауын жасайтын зертханалар тәулік бойы жұмыс істейді.

Еске салайық, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қазанның 5-інен 6-сына қараған түні әуежайлар халықаралық рейс жолаушыларын жаңа талаппен қабылдай бастады. Жолаушыларға сауалнама толтыру, термометриядан өту және ПТР-анықтаманы ұсыну міндеттелді.

Хабар 24 телеарнасы