432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жаңадан салынған жолдардың сапасы сын көтермейді

  • 139
  • UPD: 08:17, 07.10.2020
Түркістан облысында жаңадан салынған жолдардың сапасы сын көтермейді

Түркістан облысында жаңадан төселген жолдардың сапасы сын көтермейді. Өңірдегі жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары биыл 10 рет тексеріс жүргізіп, 61 заң бұзушылықты анықтаған.

Кемшіліктер көбіне Мақтаарал ауданы мен Арыс, Түркістан қалаларының аумағында тіркеліпті. Жауапты сала мамандары жаңа төселген жолдардың тез бүлінуін биыл аталған аудан-қалаларда ауыр жүк көліктерінің көп жүргенімен байланыстырады. Жол сапасына қатысты мұндай олқылықтар өткен жылы да болған. Салдарынан 14 шақырым жол сүріліп қайта төселген. Ұлттық сапа орталығы оған тікелей мердігерлер кінәлі екенін айтады. Ал биыл қанша шақырым жолдың қайта салынары әзірге белгісіз. Белгілісі, биыл өңірде автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 52,3 млрд теңге қаржы бөлінген. 

- Міне қараңыздар битумы жоқ асфальт төселіп жатыр. Тоқтатыңдар бұлай болмайды ғой бұлай. Осыдан кейін жолдың сапасы қалай болады? Айтыңыздар. 

Ролан Ибрагимов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Оны ертең бұзып басынан салатын болады. Ол жерде мастердің кінәсі болып отыр. Басшылығы бізден және халықтан кешірім сұрады. Бұл жерде айта кететін бір мәселе ол жұмыс орындау актісімен қабылданбаған.

Хабар 24 телеарнасы