428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адамның мәйіті табылды

  • 185
  • UPD: 11:30, 07.10.2020
Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адамның мәйіті табылды

 

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 5 жасар бүлдіршінді зорламақ болды деп айыпталған 62 жастағы күдікті тергеу изоляторында асылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оны жіпке ілініп тұрған жерінен кезекші тауып алған. Денесінде ешқандай зорлық-зомбылық әрекеттің белгісі жоқ, өз-өзіне қол жұмсаған», - дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында үй ауласында ойнап жүрген 5 жасар қыз бала кенет жоғалып кетіп, оны қала тұрғындары жаппай іздеп, педофилдің пәтерінен тапқан болатын. Ол бүлдіршіннің аяқ-қолын байлап, диванның астына тығып тастаған. Күдікті сол жерде тұтқындалып, қамауға алынған еді.

Хабар 24 телеарнасы