429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат жанындағы жас сарапшылар клубына қалай кіруге болады?

  • 70
  • UPD: 13:13, 07.10.2020
Сенат жанындағы жас сарапшылар клубына қалай кіруге болады?

Парламенттің жоғарғы Палатасының спикері өзінің Facebook-тегі парақшасында Сенат жанынан құрылған Жас сарапшылар клубының одан әрі жұмысына қатысуға ниет білдірушілердің барлығына мүмкіндік беру туралы пікір білдірді.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, алаң есігі барлық азаматтар үшін айқара ашық.

«Алдағы кезеңде клуб жұмысына өз саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген және Мемлекет басшысының реформаларын іске асыруға қатысуға ниеті бар жас кәсіби мамандарқатыса алады», – деп жазды Сенат спикері өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сарапшылар өздерінің сауалнамалары мен нақты ұсыныстарын sarapshy@parlam.kz электрондық поштасына жібере алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сенат жанынан Жас сарапшылар клубы құрылған болатын. Бірінші кездесуде Мәулен Әшімбаев қатысушыларға ел Президентінің Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан алдында тұрған өзекті міндеттерді, сондай-ақ Сенат пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауды ұсынды. Клубтың келесі отырыстары өзекті деп саналған қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға арналады.

Хабар 24 телеарнасы