428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Абу Даби Плазаның» құрылысы қашан аяқталады?

  • 121
  • UPD: 14:21, 07.10.2020

Қазақстандағы ең биік ғимарат Абу Даби Плазаның құрылысы аяқсыз қалмайды.

«Алдар Пропертиз» инвесторлық компаниясы құрылысты жыл аяғына дейін бітіретінін мәлімдеді. Бұған дейін құрылысқа жауапты бас мердігер компания «Арабтек Холдингтің» банкротқа ұшырағаны жайлы ақпарат тараған еді. Дегенмен, «Арабтек Холдинг» жалдаған қосалқы мердігерлер, кем дегенде үш айда құрылыс және ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтауға міндетті. Сондықтан жыл аяғына дейін нысан қолданысқа берілуі тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін де ғимаратты қолданысқа беру мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген.

Хабар 24 телеарнасы