429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жемқорлық субъектісі саналатын тұлғалар тізімі толықты

  • 176
  • UPD: 14:30, 07.10.2020
Жемқорлық субъектісі саналатын тұлғалар тізімі толықты

Сондай-ақ елімізде жемқорлық субъектісі саналатын тұлғалар тізімі толықты. Енді квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешім қабылдауға өкілетті, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды ірктеу мен жүзеге асыруға жауапты мамандардың жауапкершілігі күшейеді.

Тиісті заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.

Бектеновтың айтуынша, дербес құрылымдық бөлімшенің бастығы және одан да жоғары қызмет иелері жемқорлық субъектісіне жатқызылады. 

Айта кетейік, осыған дейін мұндай норма квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына ғана қолданылып келген. Бұдан бөлек Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өзге де шаралар жөнінде баяндады. 

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары: 

- Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілуде. Комплаенс батыс елдерінен келген ұйым. Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы