432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент ана өлімі көрсеткішінің арту себебін анықтауды тапсырды

  • 248
  • UPD: 14:35, 07.10.2020
Президент ана өлімі көрсеткішінің арту себебін анықтауды тапсырды Almaty.tv

Үкімет ана мен бала денсаулығын қорғауға басымдық беруі керек.

Бұл туралы Президент коронавирустың екінші толқынына дайындық барысы кезінде айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, ана өлімі көрсеткіші барлық өңірде бірнеше есе көбейіп кеткен.

Былтырғы 8 айда 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда 131 әйел қайтыс болыпты. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты, – деді Тоқаев.

Президент уақтылы көрсетілмеген көмектің себептерін анықтауды, солардың нәтижесін баяндауды тапсырды:

  Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл –  өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беруі керек. Үкіметке өңірлермен бірлесіп, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп, нәтижесін баяндауды тапсырамын. Ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық және медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсету – ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы Үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ. Президент Әкімшілігіне осы мәселені бақылауға алуды тапсырамын.   

Хабар 24 телеарнасы