427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мәселесі бойынша жобалар қолға алынды

  • 136
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мәселесі бойынша жобалар қолға алынды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жас заңгерлер палатасы» ҚБ және «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі заңнаманы түсіндіру бойынша семинарлар» жобасын іске асыруда.

Жоба бейбіт митингтер бойынша өз бостандықтарын іске асыру саласында халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

2020 жылғы 30 қыркүйектен бастап заңды түсіндіру бойынша іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін семинарлар форматында басталды. Сондай-ақ ҮЕҰ және БАҚ өкілдері үшін вебинарлар өтеді. Барлық лекторлар Қазақстанның заңнамасын түсіндіру және кеңес беру бойынша тәжірибесі бар кәсіби заңгерлер болып табылады.

Қазақстанның 14 облыс орталығы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында барлығы 51 семинар өткізу жоспарланған.

Медетов Сұлтанхан, Маңғыстау облысындағы бейбіт жиналыстар туралы заңды түсіндіру бойынша лектор:

– Азаматтарға бейбіт жиналыстар туралы өзекті құқықтық ақпаратты жеткізу және жаңа заңда қандай артықшылықтар бар екенін түсіндіру өте маңызды және олар өте көп.

Ералиев Ержанбек, Нұр-Сұлтан қаласындағы семинарға қатысушы:

– Мұндай түсіндірмелерді барлық заңдар бойынша беру керек. Мысалы, мен хабарламалар, мамандандырылған орындар, ұйымдастырушының ерекше нысандары туралы білмес едім, лекторларға рахмет, бәрін өте сауатты түсіндірді.

Анықтама:

Бейбіт жиналыстар туралы заң Мемлекет басшысының бастамалар аясында жасалған алғашқы заң жобаларының бірі болып табылады.

Оның алдында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін заң 25 жыл бұрын қабылданған болатын. Қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістер туралы ғана емес, бейбіт жиналыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін тұжырымдамалық жаңа заң туралы болып отыр. Осы заңды әзірлеудің өзектілігі мен уақтылығын отандық және халықаралық сарапшылар атап өтті.

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстанның 9 қаласында жалпы жұртшылықты, азаматтық қоғам өкілдерін және БАҚ-ты тарта отырып, 20-ға жуық тыңдау өткізілді. Қоғамдық талқылау және азаматтық қоғам институттарымен пікірлесу қорытындысы бойынша заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Талқылау процесі БАҚ-та кеңінен жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы