428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауға Ыстамбұлдан ұшып келген 11 жолаушы стационарға жатқызылды

  • 87
  • UPD: 15:58, 07.10.2020

Ақтауға Ыстамбұлдан ұшып келген 11 жолаушы стационарға жатқызылып, олардан ПТР тест алынды.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, бұдан былай халықаралық рейстердің жолаушылары COVID-19-ға қарсы ПТР- анықтамасын ұсынуы тиіс. Шетел азаматтарында тест қорытындысы болмаған жағдайда олардың елге кіруіне тыйым салынады. Ал Қазақстан азаматтарына анықтама болмаса, екі күн карантиндік стационарда оқшауланады. Түнде Түркиядан Ақтауға 94 жолаушысы бар әуе кемесі ұшып келді. Борттағылардың барлығы Қазақстан азаматтары. Анықтамасы бар 83 жолаушы үйіне қайтарылды. Ал 11 адам Ақтаудағы стационарға жатқызылды. Жалпы Ақтау әуежайы әзірге халықаралық рейстерден Ыстамбұлдан ғана ұшақтар қабылдап жатыр.

Ғазиз Надуев, облыстың бас санитар дәрігері:

- Және де бүгінгі таңда шетелден ұшып кеп жатқан  Қазақстан азаматы болсын, басқа елдің азаматтары болсын бәріне термометрия өткізіледі. Және де анкетирование өтеді. Сондықтан да ол темір жол болсын, теңіз жолымен болсын, машинамен келіп жатқан кісілер осындай қатаң тексеріспен есепке алынады.

Хабар 24 телеарнасы