432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде шетелден келгендерді карантинге жатқызатын стационарлар ашылды

  • 174
  • UPD: 16:01, 07.10.2020

Ақтөбеде шетелден келгендерді карантинге жатқызатын үш бірдей стационар ашылды. Ол 440 адамға есептелген. Оған коронавирусқа ПТР сынама тапсырмай сырт елден келген отандастарымыз екі тәулікке жатқызылады.

Егер вирус анықталса бірден оқшауланып, арнайы емдеу орнына жөнелтіледі. Ал ПТР сынамасының қорытындысы жоқ өзге ел азаматтары мүлде кірмейді. Ал қолдарында тест болған жағдайда уақыты 72 сағаттан асып кетпеуі керек. Стационарлар кешеден бастап адам қабылдауға кірісті. Содан бері 70-ке жуық адам жатқызылды.

Нұрсұлу Беркімбаева,  облыстың бас санитар дәрігері: 

- Екі бізде авто шекара бар. Бұл Жайсан мен Әлімбет. Қарғалы ауданында және Мартөк ауданында. Әлімбетте 40 орындық карантиндік стационар ашылып тұр. Жайсаңда қазір ашылу дайындалып жатыр 100 орындыққа. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында 400 орындық медициналық университеттің А.Досжанова атындағы жатақхана 3-4-блок дайындалып қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы