432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда нан қымбаттады

  • 143
  • UPD: 15:36, 07.10.2020
Петропавлда нан қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында нан қымбаттады. Қазір ас атасының бағасы орташа есеппен 10-15 теңгеге өскен.

Мәселен, тұрғындар көп тұтынатын «ерекше» нанның бір бөлкесі 120 теңгеден 133 теңгеге бірден көтерілді. Ал әлеуметттік бөлкенің бағасы өзгерген жоқ. Бұрынғыдай 61 теңгеден сатылып жатыр. Бірақ, оны көпшілік ала қоймайды. Өндірушілердің айтуынша, бұған бидайдың қымбаттауы себеп болған. Биыл өңірде 4 жарым млн тонна астық жиналды.   

Наталья Халяпина, қала тұрғыны:

- Шынын айтсам, біз көбіне «қара» нанды аламыз. Ол қатты қымбаттай қойған жоқ. Негізі нанды аз жейміз.

Хабар 24 телеарнасы