427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19-бен күрескен медицина қызметкерлеріне 73,7 млрд теңге үстемақы төленген

  • 104
  • UPD: 19:51, 07.10.2020
COVID-19-бен күрескен медицина қызметкерлеріне 73,7 млрд теңге үстемақы төленген

Биыл наурыз-тамыз айлары аралығында коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне 73,7 млрд теңге үстемақы төленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қыркүйек айында 40 мыңнан астам адамға 10 миллиард теңге бөлінген. Қазір өңірлік комиссиялар үстемақы алушылардың тізімін жасап жатыр. Тізім дайын болғанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ай сайынғы осы үстемақыны беруге кіріседі. 

Болат Төкежанов, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы:

– Тәуекел топтарының тізімі қалыптастырылды. Үстемақылар мөлшері анықталды. Медицина қызметкерлеріне қосымша ақы 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін құрайды. Кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгерістер енгізіп, оған сәйкес көтермелеуге жататын медицина қызметкерлерінің тізбесі кеңейтілді. Жаңа тізбеге мобильдік бригадалардың жұмысына жұмылдырылған дәрігерлер мен мейіргерлер, бастапқы медициналық қызмет жанындағы жедел жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық), орталық атқарушы органдардың сот-медициналық бөлімшелерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының, ҚР ІІМ, ПІБ Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері кірді.

Айта кетейік, үстемақы алуға барлығы 8442 өтініш түскен. Олардың 81 проценті, яғни 5559 дерек расталды. Сондай-ақ елде коронавирус пен пневмониядан көз жұмған дәрігерлердің туыстары да төлемақы алуға өтініштерін білдірген. Комиссия 82 жағдайды қарастырып, 45 отбасыға қаражат төленді. Министрлік енді үстемақы алу үдерісін жеңілдетіп, жұмысты онлайн форматта жүргізбек.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР ДСМ комитет төрағасы:

– ДСМ жұмыс тобын құрып, онлайн режимде тізімдерді қабылдаудың себептерін пысықтауда. Ауырған және қайтыс болған адамдар бойынша деректерді онлайн режимде өтінімдерді қабылдаудың себептерін пысықтауда. Барлық деректерді нақтылап, өтінімдерді ресімдеу жөнінде жол берілген бұзушылықтарға талдау жасауда. ӘМСҚ бірге проблемаларды, қателерді шешуге жұмыс жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы