432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда коронавирус пневмониясын ерте анықтайтын бағдарлама іске қосылды

  • 175
  • UPD: 21:46, 07.10.2020
Талдықорғанда коронавирус пневмониясын ерте анықтайтын бағдарлама іске қосылды

Бұл жаңашылдық арқылы омырау безі және өкпенің қатерлі ісігіне де көз жеткізуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Интеллектуалдық жүйеге науқастың бойындағы пневмония белгілерін рентгенге түсіріп көруге болады. Бұл сынақтан сәтті өтті. Енді бұл бағдарлама бүкіл облыс бойынша іске қосылады. Әзірге оған 17 аурухана тіркелген. Отандық және Түркияның Ай-Ти мамандары бірлесе отырып әзірлеген бұл жоба кәсіпкерлердің көмегімен жүзеге асты.  

Ерлан Жәнібеков, IT компаниясының директоры:

– Тегін көмек ретінде осындай жобаны іске асырып жатырмыз. Өткен аптада осы жүйе бүкіл Алматы облысына қондырылды. Қазіргі таңда бұл жасанды интеллект 3 факторды көрсетеді. Бұл жасанды интеллектіде жоғарғы бедел, орта бедел, астыңғы беделде қандай жағдай болса, сондай көрсеткішті көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы