427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелден Алматыға келген 157 жолаушының ПТР-тесті болмаған

  • 143
  • UPD: 21:47, 07.10.2020
Шетелден Алматыға келген 157 жолаушының ПТР-тесті болмаған

Алматыға бүгінгі күні түнгі рейстермен шет елдерден 887 адам ұшып келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 157 адамның ПТР анықтамасы болмаған. Бұл жолаушылардың барлығы карантинге оқшауланып, олардан сынама алынған. 154 адамның ПТР нәтижесі дайын. Олар үйлеріне оралды деп хабарлайды департамент өкілдері. Қалған үш жолаушынікі әлі дайын емес. Халықаралық рейстер Ресей, Қырғызстан, Түркия, Корея секілді елдерден ұшып жеткен. Сырттан келген ПТР анықтамасы жоқ қазақстандықтарды оқшаулау үшін Алматыда төрт қонақ үй қарастырылған.

Саят Қалметбаев, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД бөлім басшысы:

– Қонақжайда жатып, тексеруден өтіп, оның нәтижесі келгенше қаражаты қалалық әкімдік тарапынан қарастырылған. Және оның ішінде тек қана сол жерде жату емес, үш реттік тамақтану да бар.

Хабар 24 телеарнасы