432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда су құбырының 60%-і тозған

  • 170
  • UPD: 08:59, 08.10.2020
Петропавлда су құбырының 60%-і тозған

Петропавлда сумен қамту нысандары әбден тозған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтсақ шаҺарда су желілерінің 60%-і, ал кәріз құбырларының 61%-і ескірген. Ал соңғы алты жылда монополист компания тек 77 шақырымын ғана жаңалаған екен. Жаңғырту жұмыстарына қаржы тапшы.  Сондықтан инвестициляқ бағдарлама жүзеге асып жатыр. Ол бес жылға қарастырылған. Биыл жарты миллиард теңгеден астам қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осының арқасында соңғы бірнеше жылда апат саны 400-ден 91-ге дейін қысқарған. Енді 15 қазаннан бастап Петропавлда ақылды су есептегіш құралдары орнатылатын болады.

Арман Сауытов, сумен қамту кәсіпорнының техникалық директоры:

- Бір аптадан кейін біз тек электронды су есептегіш құралдарын ғана пломбалайтын боламыз. Себебі заң бойынша тұрғындар істен шыққандарын ақылды құрылғыға ауыстырулары тиіс. Кейін қондырғыны желіге қосалатын болады.  Осылайша, біз барлық  керекті деген ақпаратты қашықтықтан ала беретін боламыз.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

 

 

Хабар 24 телеарнасы