432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқашта отбасын қолдау орталығы ашылды

  • 111
  • UPD: 10:14, 08.10.2020
Балқашта отбасын қолдау орталығы ашылды

Балқаш қаласында отбасын қолдау орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерде негізінен тұрмыста зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен жасөспірімдерге әлеуметтік көмек беріледі. Орталықта дәрігерлер, психологтар, заңгерлер жұмыс істейді. Ғимаратты жөндеп-жабдықтауға 30 миллион теңге қаржы жұмсалған. Сонымен қатар мұнда тұрмысы төмен жанұяларға да көмек көрсетіліп, қосымша мамандық алып, кәсіп ашамын дегендерге бағыт-бағдар беріледі. Бұған қоса, балаларға жәрдемақы тағайындауға қатысты кәсіби мамандар кеңес береді.

Дәкен Терлікбаева, қолдау орталығының директоры:

- Негізгі басты мақсаты – әйел, аналарға қазіргі заманымызға сай өмір сүруді үйрету. Кейбірі тігін тіккісі келетін шығар, кейбіреуінің қолынан тоқыма тоқу келетін шығар, кейбіреуінен аспаздық, кейбіреуінен шаштараз, қазір көп қой. Өмір сүргісі келген адамдарға қазір қоғамымызда бірталай жағдай жасалуда. Біз солардың бейімділігіне қарай, барғысы келген курстарға қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы тегін оқытамыз.

Хабар 24 телеарнасы