429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қарағанды-Теміртау» автобаны қайта жөнделеді

  • 167
  • UPD: 13:05, 08.10.2020
«Қарағанды-Теміртау» автобаны қайта жөнделеді

Қарағанды мен Теміртау арасындағы 13 шақырымдық автобанды тапсырыс беруші компания биыл да қабылдап алмайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі жол пайдалануға берілмей жатып жарылып кеткен. Қазір мұнда кемі 240 плита қайта ауыстырылуы тиіс. Бүгінгі күні жобаға үшінші мердігер тартылып, ол жақын арада жарық шамдарды іске қосып, жол белгілерін қалыпқа келтірмек. Ал «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен жол салған екі бірдей ірі мердігер арасында сот процестері аяқталуға жақын.

Еске салсақ, аталған жолға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 10 миллиард теңге қаржы бөлінген болатын.

Қанат Шаймин, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

- Бірінші қазан күні біз аппеляциялық соты жеңіп алдық. Екі мердігер компанияны ана жарықтарды ретке келтіруге міндеттеді. Сот шешімі енді 5 жұмыс күні ішінде күшіне енеді. 14 мың метр бойы жарылған жерлерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу керек. Тек сол кезде ғана біз оны қабылдап аламыз.

Хабар 24 телеарнасы