428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға ПТР-тестсіз ұшып келген 122 жолаушы стационарға жатқызылды

  • 142
  • UPD: 13:34, 08.10.2020
Елордаға ПТР-тестсіз ұшып келген 122 жолаушы стационарға жатқызылды

Бүгін елорда әуежайына шет елдерден 828 адам ұшып келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішінде ПТР-тест нәтижесі болмаған 122 жолаушы стационарға жатқызылды. Енді елімізге халықаралық рейстерден түскен барлық адамда ПТР анықтамасы болу керектігін өткен хабарларымызда айтқан болатынбыз. Тест нәтижесі жоқ жолаушылар стационарға жатқызылып, сол жерде тестілеуден тегін өтеді. Ал тиісті анықтамасыз келген шетел азаматтары әуежайдан тіке еліне кері қайтарылады.

Хабар 24 телеарнасы