427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ауыл – ел бесігі» жобасында тұрақты жұмыспен қамту мәселесі ескерілмеген

  • 97
  • UPD: 13:59, 08.10.2020
«Ауыл – ел бесігі» жобасында тұрақты жұмыспен қамту мәселесі ескерілмеген

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» акционерлік қоғамының қаржы институттары одан тыс қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, өткен жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 448 миллиард теңге бөлінсе, оның тек 1,6 миллиарды ғана тұрақты жұмыс орындарын ашуға жұмсалды. Ал, биыл ауылдық жерлерде құрылған 20 мың жұмыс орнының тек 800-і тұрақты болмақ. Бұл орта есеппен әр төрт елді мекенде бір ғана тұрақты жұмыс орны құрылады деген сөз. Бұл жөнінде бүгін Сенат депутаты Әли Бектаев мәлімдеді. Халық қалаулысы аталған жоба басқа мелемекеттік бағдарламалармен үйлестірілмегенін алға тартып, сынға алды. Бұған қоса, жобадағы ауылдардың тізімі де түсініксіз құрылған. Яғни, шалғайдағы елді мекендердің қамтылуы нашар. Әли Бектаев осының бәрін тізбелей келе, Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- «Ауыл – ел бесігі» жобасы бас-аяғы жинақталған, түрлі бағдарламалардың басын біріктіретін, жауапты ұйымдардың жұмысын үйлестіретін, жан-жақты ойластырылған жүйелі құжат ретінде жасалмаған. Бір қарағанда түрлі шаралардың жиындығы сияқты. «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бір бөлігі ғана болып қалған. Жобаға енгізілген тіректі және спутниктік елді мекендерді іріктеу принциптері түсініксіз. 3561 елді мекенді құрайтын тізімнің арасында негізінен аудан орталықтары мен олардың айналасындағы ауылдар ғана бар, ал шалғайдағы ауылдардың қамтылуы төмен.

Хабар 24 телеарнасы