427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде екі жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің қабырғасы үгітіліп жатыр

  • 137
  • UPD: 15:31, 08.10.2020
Ақтөбеде екі жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің қабырғасы үгітіліп жатыр

Ақтөбеде екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген тұрғын үйдің қабырғасы үгітіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі құрылысқа сапасыз материалдар пайдаланылған. Тұрғындардың айтуынша, үй бастапқы жобаға сәйкес келмейді. Арнайы комиссия мүшелері жүргізген тексеру нәтижесінде кемшіліктерді түзету үшін шамамен 500 миллион теңге керек екені анықталған. Мысалы жоба бойынша үйдің қасбеті күйген кірпішпен қапталуы керек еді. Алайда, жаңбыр суына төзімсіз материал қолданылған. Бұға қоса, электр желілерінен де үнемі ақау шығып, кәріз жүйесі қалдық суға толып қалады. Тұрғындар құрылыс компаниясы басшысының үстінен шағым түсірген. Соған байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген. Жаңа үйдің жағдайынан жергілікті билік өкілдері де хабардар екенін айтып отыр.

Таңат Шегебаев, облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- 2018 жылдан бері бірнеше тексеру жұмыстарын жүргіздік. Көптеген қателіктер таптық. Ол бойынша талаптар қойдық. Ол талаптар түбегейлі мердігердің тарапынан жасалған жоқ. Соңында біз сотқа бердік біздің талаптардың орындауын сот арқылы шешімін алдық. Сот орындаушыларында палатаға берілді.

Хабар 24 телеарнасы