427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жергілікті ПД бастығы 10 жасар баланың тілегін орындады

  • 185
  • UPD: 15:40, 08.10.2020

Таразда жергілікті полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов 10 жасар баланың тілегін орындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектеп оқушысы генералмен кездесіп, полиция департаментіне экскурсия жасауды армандаған. Балақай болашақта тәртіп сақшысы болып, ел игілігіне еңбек еткісі келеді. Костяның бала арманын орындауға әжесі көмектесті. Ол полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына хат жазып, күтпеген жерден шақырту алды.

Армандар орындалады. Виктория Михайлованың бұған көзі анық жетті. Бірнеше күн ол бұрын полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына немересінің генералмен кездесіп, экскурсия жасағысы келетінін жазған екен. Дегенмен, дереу жауап береді деп үміттенбепті. Бірақ күтпеген жерден шақырту алды.

Виктория Михайлова, қала тұрғыны:

- Әрине, бұл әсерлі кездесу. Балаларымыз болашақ мамандығына қатысты таңдау жасау үшін мұндай кездесулер жиі болып тұрса деймін.

Жанат Сүлейменов әжесі мен немересін жылы шыраймен қарсы алды. Естелікке Ішкі істер министрлігінің эмблемасы бейнеленген қолсағатты сыйға тартты.

Жанат Сүлейменов қонақтарын жедел басқару орталығына ертіп апарды. Бұдан бөлек, олар департамент музейін аралады. Оқушы көрген-білгенінен мол әсер алып, ой түйді.

Константин Попандопуло, оқушы:

- Музейде тәртіп сақшыларының иттерін көрдім. Полиция департаментіне келгеніме өте қуаныштымын.

Мектеп оқушысы ер жеткенде полиция қызметкері болып, тұрғындарға көмектесуді, әсіресе, жасөспірімдер арасындағы қылмысты ашуды армандайды. Жалпы айта кеткен жөн, биыл кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық біршама азайған.

Әлішер Қалышев, қалалық ювеналдық полиция бөлімінің бастығы:

- Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 51 қылмыс тіркеліп кәмелеттік жасқа толмағандармен қатысты, ал 2019 жылы 69 қылмыс тіркелген.

Күнделікті жүргізілген рейд пен алдын алу шараларының нәтижесінде түрлі әкімшілік құқық бұзушылық үшін 2 мыңнан астам жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізілген.

Авторлары: Гүлдария Шамұратова, Анастасия Сулейманова, Руслан Ахатилла

Хабар 24 телеарнасы