427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы жаңа үйдің жылу және суға қатысты мәселесі толық шешілетін болды

  • 106
  • UPD: 15:31, 08.10.2020
Елордадағы жаңа үйдің жылу және суға қатысты мәселесі толық шешілетін болды

Бұл туралы бүгін біздің арнамызға сұхбат берген қалалық құрылыс басқармасының өкілдері айтты.

Белгілі болғандай, 250 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйге өткен түнде жылу берілген. Қазір оның температурасы біртіндеп күшейтіліп жатыр. Ал, барлық баспананы ыстық және салқын сумен қамту ертең кешке шейін толық аяқталмақ. Ол үшін әр пәтерге есептегіш құралдарын орнату қоса жүргізілуде. Айта кетейік, кеше арнамызға шағымданған тұрғындар жаңадан үй алса да, жылу, судың болмауынан өзге үйді жалдап тұруға мәжбір екендіктерін айтқан болатын.

Самат Сәрсенғалиев, қалалық құрылыс басқармасының басшысы:

- Қазір үйдің құбыр желісін ретке келтіру үшін 10 сантехник пен өзге де қажетті мамандар тартылды. Олар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен түн жылу берілсе, бүгін су желісін ретке келтіру қолға алынды. Бұл жұмысты ертең толық аяқтаймыз деп отырмыз. Ал, құрылыс кезінде орын алған өзге де ахауларды түзеу осы айдың соңына дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, бұдан бұрын елордада жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйге жылу әлі берілмегенін хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы