428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді

  • 134
  • UPD: 17:40, 08.10.2020
СҚО-ның өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді

Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында бақылау шаралары күшейтілді.

Өңірдегі Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев және Мамлют аудандарында орналасқан өткізу пунктерінде арнайы санитарлық бекеттер қойылды. Енді бұл жерлерде эпидемиолог дәрігерлер бұрынғыдай кезекшілік етеді. Өзге елдің азаматтары мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын «Covid-19»-ға тест тапсырғаны туралы анықтама қағазын ұсынуы тиіс. Болмаған жағдайдаол кісі елге кіргізілмейді.

Жалпы айта кету керек, бүгінгі күні облыста орналасқан үш бекеттен тәулігіне 450-500 адам өтеді екен. Ал олардың 70 процентін жүк тасымалдаушылар құрап отыр.

Толқын Қаженова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

- Қолдарында анықтамасы болмаса Қазақстан Республикасының азаматтары, яғни ол кісілердің барлығы термометриядан дене қызуы өлшеуден өткізіледі. Сауалнамадан өтеді. Және де осы бекетте орналасқан медициналық қызметкерлермен ПТР әдісі арқылы ковидқа сынама алынады. Ол сынаманың қортындысы мен нәтижесін алғанға дейін ол адам сол жердегі карантиндік госпитальға оқшауланады. Екі тәулікке дейін.

Хабар 24 телеарнасы