428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы провизорлық стационардың жағдайы сын көтермейді

  • 135
  • UPD: 22:04, 08.10.2020
Ақтаудағы провизорлық стационардың жағдайы сын көтермейді

Ақтауда 1-шағын ауданда тұрған провизорлық стационардың қазіргі жағдайы сын көтермейді. 100 орындық оқшаулау орыны бұрынғы перзентхана ғимаратында орналасқан. 7 қазан күні ұшақпен Стамбұлдан келген 11 жолаушы ПТР-тест тапсыруы үшін осында жіберілген еді. Сөйтіп, жағымсыз иіс жайлаған салқын палаталарда жуыну бөлмесінің жоқтығы көпшіліктің наразылығын тудырған. Денсаулық сақтау басқармасындағылар болса, олардың стационарда бірнеше сағат қана болғанын мәлімдеп, өз уәжін айтып отыр. Олар қолданыстағы ғимараттың ескі екенін алға тартып, көп ұзамай 200 орындық модульді стационар ашылатынын жеткізді.

Айта кетейік, 11 жолаушыдан да вирус анықталған жоқ. Барлығы сол күні үйлеріне оралған.

Нұрбол Оқуов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Таңғы 7-де 1-шағын ауданда орналасқан провизорлық стационарға кіргізіледі. Содан кейін кешкі 7-де шығады. Сонда бар болғаны 12 сағат болды, ол жерде түнеген де жоқ. Жуылып тұрады міндетті түрде хлормен. Сондықтан иістің бары рас. Қазіргі таңда жылудың да жоғы рас. Жергілікті атқарушы органдармен сөйлескенімізде бір ғимарат үшін арнайы жылу бере алмаймыз деді. Ғимарат ескі. 40 жылдан асқан. Сонымен қатар ол жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген осы уақытқа дейін. 10 күннің ішінде Ақтау қаласының 1-шағын ауданында 200 орынға арналған халықаралық стандарттарға сай жаңа модульдік стационар ашылады деп күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы