432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында халық қырылған құс үшін өтемақы толық берілуін күтіп жүр

  • 170
  • UPD: 22:03, 08.10.2020

Ауыл адамдары «аурудан қырылған құстары үшін өтемақы ала алмаймыз ба» деп алаңдайды. Себебі өтемақының қашан, қаншадан төленетіндігінен көпшілік бейхабар. Кейбіреуі сараптама актісінде шығын көлемі азайтылып көрсетілгендігін айтады. Мысалы, Қостанай облысының «Красная пресня» ауылындағы бір үйдің 1300-ге жуық құсы өлген. Соның тек жартысы ғана өтемақыға ілігіпті.

Бес жыл бұрын қаладан ауылға оралған Тасболат Оралұлы құс өсіруді қолға алды. Кең қора салып, инкубатор алып,құс басын асылдандырып, енді аяққа тұрып келе жатқанда бір сәтте бәрі құрдымға кетті.1300-ден астам қаз-тауығының басым бөлігі қырылып,қалғанын өздері өлтіріп, отқа жақты. Шығын шаш етектен.

Тасболат Оралұлы, ауыл тұрғыны:

- Бір әтеш 3500-4 мыңдай, жәй тауықтар 3 мыңдай тұрады. Қаз-үйрек 6 мыңнан тұрады.

Ал өтемақы мөлшері соның жартысына да жетпейді. Оның сыртында ветеринарлық инспекция қырылған құс санын екі есе кемітіп көрсетіпті. Құс өлекселерін жоюдың басы-қасында болған жоқпыз деген уәж айтатын көрінеді. Ал шаруа бірден өрте деп пәрмен берген өздері еді дейді.

Тасболат Оралұлы, ауыл тұрғыны:

- Бірінші зам областной ветврач келген, первый замрайона келді, ветврач болды. Бәрі айтқан жандыра беріңдер деп. Фото, бейнеге түсірдік, Число, сағаты бар.

Ал облыстық ветеринария басқармасындағылар «бізге айтпай, өзі өртеді» деп, оның сөзін жоққа шығарып отыр. Сондықтан індеттен өлген 700-ге жуық құсқа акт жасалмаған.

Бауыржан Бекет, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары: 

- Ол кісілердің айтуынша, 1200-ден астам құс өлді дейді. Ал біздің ветеринар қызметкерлер комиссия құрып барғанда көріп отырғаны 600-дың сыртында ғана.

Жалпы бұл ауылда құстардың індеттен қырылуы қыркүйектің 15-нен басталды. Жеті үйдің 1400-ге жуық үйрек-қазы өлген. Содан бері жүргізіліп жатқан вакцинация әлі аяқталмапты.

Ботакөз Мырзатаева, ауыл тұрғыны:

- Бізге вакцианция жеткен жоқ. Кеше ветеринарларға звондап елім. Келеміз, істейміз  деді. Бірақ қашан келері белгісіз. То ли вакциналары жетпеді ме, әйтеуір біздің жаққа келген жоқ.

Әлі 400-ге жуық құсқа вакцина егілмегенін ауыл әкімі де растап отыр. Жуық арада бұл жұмыс толық аяқталады деп сендірді. Жалпы облыста 400 жүз мыңға жуық құс өліп, сегіз ауылда карантин жарияланған. Бұл індет әсіресе құс өсіруді кәсіп еткендерге ауыр соққы болды.Одан қалды енді аз-мұз өтемақыдан құр алақан қалатын болса, бәрін қайта бастау қиын-ау.   

- Бизнес жоқ, әрі қарай қалай істейтінін де білмей жатырмын...

Авторлар: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы