429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да темекі бұйымдарын сату бойынша заңсыз кәсіпкерліктің жолы кесілді

  • 125
ШҚО-да темекі бұйымдарын сату бойынша заңсыз кәсіпкерліктің жолы кесілді

Семей қаласында жедел тергеу шараларын жүргізу барысында акциздік жапсырмасыз және оларды сатып алу фактісін растайтын ілеспе құжаттарсыз темекі бұйымдары анықталды.

Аталған тексеру шарасын ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері үйымдастырды. 

Қойманы тексеру барысында жалпы сомасы 64,9 млн. теңге болатын «Zumerret», «Marble», «Captain Black blue», «Captain Black», «Omega» и «Max 7»  маркаларындағы 295 қорап темекі бұйымы табылды.

Аталған дерек туралы ҚР ҚК 214 бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы