427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ға Үкімет резерві есебінен алынған компьютерлік техника жеткізілді

  • 133
ШҚО-ға Үкімет резерві есебінен алынған компьютерлік техника жеткізілді

Енді олардың барлығы қашықтықтан оқыту сапасын арттыру үшін өңірдегі мұқтаж отбасылар мен мұғалімдерге таратылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы облысқа осы мақсатта биыл 4 миллиард 105 миллион теңге бөлінді. Мамандардың айтуынша, 1 қыркүйекте 22 мың оқушы мен 195 мұғалімге компьютер қажет болған. Оларға мектеп қорындағы компьютерлер таратып берілді. Енді жаңадан келген техникалар көп балалы отбасыларға уақытша пайдалануға беріледі. Ал қашықтықтан оқыту аяқталған соң, құралдар мектепке қайтарылады. Қазір мамандар олардың сапасы мен жұмыс істеуге қаншалықты дайын екендігін тексеріп жатыр. Сонымен қатар аталған заттардың талан-таражға түспеуі де қатаң бақылауда.

Жігер Байділдин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі департаменті басшысының бірніш орынбасары:

- Барлық компьютерлік техника біздің облыс аумағындағы басқа аудандарға берілер алдында тексерілгеннен кейін ғана жіберіледі. Бұл жұмыстың басты мақсаты қашықтықтан оқыту бағытында сатып алынған техниканы жымқыруға жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы