432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы Булаев қаласы карантинге жабылды

  • 255
  • UPD: 15:40, 09.10.2020

Коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырып алмау үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомствоаралық жиында қауіпті індеттің алдын алу мақсатында осындай шешім қабылданған.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Сақтықта қорлық жоқ . Сондықтан жағдайды ушықтырып алмас үшін Булаев қаласында карантин енгізілді. Айта кету қажет, Мағжан Жұмабаев - Ресеймен шекарада орналасқан аудан. Күні кеше облыстағы үш шекара бекетінде бақылау күшейтілгенін айтқан едік. Енді міне, бүгін аудан орталығы жабылды. Мұнда 4 блок-бекет орнатылған екен. Онда әзірге тек полиция қызметкерлері кезекшілік етеді. Эпедемиолог дәрігерлердің айтуы бойынша, бірінші қазаннан бастап аталған ауданда 24 адам қауіпті індетті жұқтырған. Оның 15-і осы Булаев қаласында. Қазір жолаушылар тасымалы түбегейлі тоқтады. Яғни азық-түлік, тіршілікке қажетті тауарларды тасымалдайтын көліктерден басқаларына мұнда кіріп-шығуға рұқсат жоқ. Сондай-ақ адамдардың туған-туыстарына қонаққа баруына да тыйым салынды. Ал кәмелет жасына толмағандардың кешкі 7-ден кейін жалғыз жүрулеріне мүлдем болмайды. 65-тен асқандар оқшаулану режимін ұстанулары шарт. Сондай-ақ аумағы 500 шаршы метрден асатын кәсіпкерлік нысандардың жұмысы таңғы 9-дан 16-00-ге дейін қысқартылды.

Хабар 24 телеарнасы