428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген 101 жолаушы карантинге жатқызылды

  • 96
Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген 101 жолаушы карантинге жатқызылды

Бүгін түнде Нұр-Сұлтанға шетелдерден ұшып келген 101 жолаушы станционарлық карантинге жатқызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі азаматтардың кейбірінде ПТР тест болмай шықты. Ал енді бірінде анықтаманың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Turkish Airlines, Air Astana, Вelavia и Flydubai әуе компаниясына тиесілі 6 ұшақ жолаушыларына осындай шара қолданылды. Енді олар тиісті тексерістен өткеннен кейін ғана үйлеріне жіберіледі. Егер коронавирус жұқтырғаны расталса, инфекциялық бөлімде ем қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы