432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда 50 орындық автокинотеатр ашылады

  • 151
Қарағандыда 50 орындық автокинотеатр ашылады

Енді қарағандылықтар кинотеатрға келіп, көліктерінен шықпай-ақ жаңа премьераларды тамашалай алады.

Пандемия салдарынан сала өкілдері осылайша жаңа бағытқа бейімделе бастады. Қазір автокинотеатрдың іргесі қалана бастаған. 50 көлікке арналған орынға келушілер өздерінің темір тұлпарының радиосын киноэкранның толқынымен сәйкестендіреді. Нәтижесінде киноның даусы маңайдағы тұрғындардың  мазасын қашырмайды. Айта кетейік, пандемия салдарынан ел кинотеатрлары 15 млрд теңге қарызға батқан. Сондай-ақ 92 кинотеатрдың 9-ы жабылып қалды.

Фарух Құдайбергенов, кинотеатр жүйелерінің директоры:

– Қазіргі дағдарыс кезінде басқа жол іздеу керек болды. Осындай  автокинотеатрлар Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында бар екен. Қарағандыда біз қараша айының соңына қарай ашуды жоспарлап отырмыз. Технологиялық ерекшелігіне сай жылдың кез келген маусымында кино көрсетіледі. Күндіз балаларға арналған сеанстар болады. 

Хабар 24 телеарнасы