432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда датчиктер арқылы ұрланған құдық қақпақтарын табуға болады

  • 113
Нұр-Сұлтанда датчиктер арқылы ұрланған құдық қақпақтарын табуға болады

Құдықтардағы қақпақтар ұрланбас үшін елорда әкімдігі тестілік режимде қақпақтардың ашылуын ғана емес, олардың онлайн режимінде қозғалуын да тіркейтін датчиктердің жұмысын зерттеп жатыр.

Осындай смарт датчиктер нөсер кәріздерінің бірқатар құдықтарына орнатылған. Датчиктердің жұмыс принципі олардың координаттар жүйесінде орналасуын бағдарламалауға негізделген. Координаттар жүйесі 10 және одан да көп градусқа ауытқыған кезде датчик ақпараттық жүйеде, сондай-ақ Telegram мобильді қосымшасында көрсетілетін дабыл сигналын береді.

Құдық қақпағы ұрланған жағдайда ақпараттық жүйеде оның қозғалыс траекториясы көрсетіледі. Датчикті қақпаққа бекіту арқылы су басудан және бөгде адамдардың оны жұлып әкетуінен қорғайды.

Осылайша бұл жүйе өзінің тиімділігін көрсетіп, құқық қорғау органдарының күшімен 2020 жылдың 11 қыркүйегінде шойын қақпақтарды ұрлағандар ұсталды. Ақпараттық жүйеге қақпақтар қозғалысының сигналы мен траекториясы, олардың соңғы орналасқан жері көрсетілді. Ұрлық бойынша 188-бап, 2-бөлім 1-тармақ бойынша іс қозғалды.

 

Хабар 24 телеарнасы