429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда шектеу шараларының сақталуы қатаң бақыланатын болды

  • 143
  • UPD: 18:01, 09.10.2020
Алматыда шектеу шараларының сақталуы қатаң бақыланатын болды

Алматыда шектеу шараларының сақталуын бақылау жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қалада 26 мониторингтік топ жұмыс істейді. 5 шілде мен 7 қазан аралығында 9 мыңға жуық нысан тексерілген. Нәтижесінде әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 3836 хаттама толтырылып, 287 млн теңге айыппұл салынған.

Айта кетейік, карантин талаптарын сақтамаған жағдайда жеке тұлғаларға 83340 теңге, кәсіпкерлерге 638940 теңгеден 4 млн 444 мың 800 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы