432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада санитарлық талаптарды орындамаған нысандар жабылады

  • 135
  • UPD: 20:30, 09.10.2020
Елордада санитарлық талаптарды орындамаған нысандар жабылады

Елордада қадағалау шаралары күшейтіледі. Бұл туралы шаһар әкімдігі хабарлады.

Талапты орындамаған шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жабылады. Мейрамхана, тамақтану орындары, сауда орталықтары мен басқа да кәсіпкерлік субъектілер санитарлық нормаларды түгел сақтауы тиіс.

«Тұрғындар бетперде киіп жүруге міндетті. Олай болмаған жағдайда кайта карантин енгізуге мәжбүр боламыз», - дейді шаһар әкімшілігі. Айта кетейік, 5 шілдеден бастап карантин тәртібін бұзғандарға жалпы сомасы 128 миллион 666 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Олар тыйым салынғанына қарамастан, қызметін тоқтатпаған тамақтану орындары, азық-түлік дүкендері және түнгі клубтар мен өзге де кәсіпкерлік нысандары. Бұдан бөлек, дәрі бағасын негізсіз қымбаттатып, алдын ала тіркелмеген препарат сатқандар да жауапкершілікке тартылған.

Хабар 24 телеарнасы