427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда атты IV республикалық азаншылар жарысы өтті

  • 115
  • UPD: 22:50, 09.10.2020
Ақтауда атты IV республикалық азаншылар жарысы өтті

Ақтауда «Әдемі әуезді азаншы» атты IV республикалық азаншылар жарысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Бақ сынауға еліміздің әр аймағынан 20-ға жуық азамат келді. Сайыс екі күнге созылған шара «Бекет ата» мешітінде өтті. Байқауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы мен қала, аудан имамдары қатысты. Бәйгенің жалпы жүлде қоры 3 млн теңге. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерлан Битенов алды. Екінші орын Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының наиб имамы Әбділмүтәліп Жорақұлұлына бұйырды. Ал соңғы тұғырдан Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» мешітінің азаншысы Ақназар Маратұлы көрінді. Азаншылар сайысы алғаш рет 2009 жылы Астана қаласында, содан кейін Алматы мен Ақтөбе өңірлерінде өткен болатын.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

- «Азанды ел азбайды, азанды ауыл азбайды»,-дейді. Сондай дана сөздеріміз бар. Осындай жақсыны насихаттау үшін еліміздегі азаншылардың мақамын, әуенін ата-бабаларымыздың дәстүріне сай өзіміздің салтымызға сай әуендерді насихаттау үшін бүгін біз ҚМДБ респбуликалық IV «Әдемі әуезді азаншы» атты шарамызды өткізіп жатырмыз. Алла қаласа, біз бұл сайысты әр жыл сайын өткізетін боламыз.

Бас мүфтидің сапары аясында Ақтауда жаңа мешіттің іргетасы қаланды. Қаланың жаңа шағын ауданында салынатын мешіттің биіктігі мұнарасымен қоса есептегенде 19 мың метр. Бір уақытта 500 адам құлшылық ете алады. Құрылыс келер жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы