428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық полицейлер одорология базасын жинады

  • 117
  • UPD: 01:22, 10.10.2020
Петропавлдық полицейлер одорология базасын жинады

Қазір жедел-криминалистикалық басқармасындағы қорда 4 мыңнан астам иіс бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көзге көрінбейтін биоматериал қылмыскерлерді тануға көмектеседі. Бұл туралы толығырақ аймақтағы арна тілшісі Айдарбек Айтмұхамбетұлы айтып береді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қызметтік иттер 2 мыңдай иісті ажырата алады. Криминалист Александр Хлевов сол иістерді жинаумен айналысады.

Александр Хлевов, облыстық ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисі:

- Мына бөлмеде оқиға орындарынан жиналған 4 мыңнан астам иіс бар. Олар осындай ыдыстарда сақтаулы тұрады. Биоматериал одорологиялық тергеуде қолданылады.

Петропавлдағы одорология базасы 2009 жылы құрылған. Әр құтыда қандай қылмыс, қай жылы жасалған, қандай заттан алынған иіс түгел жазылған. Күдіктілерді табуға полицейлердің төрт аяқты достары көмектеседі. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қызметтік ит менің иісімді ажырата ала ма, жоқ па? Қазір соны білеміз.

- Аға, ол үшін не істеу керек?

- Ол үшін Сізге мына екі шүберекті қолға алуыңыз керек, қолыңыбен ұстайсыз. Одан кейін бір шүберекті мына бірінші банкіге, екінші шүберекті екінші банкіге. Одан кейін мен шығып кетемін. Сіз бір иісті ана жерге қоясыз, екінші банкіні банкінің ішіндегі шүберекті кез келген штативтің ішіне қоясыз.

Бұл – екі жасар Дейзи дейтін спаниель. Із кесуге кез келген ит алынбайды. Оннан бірі ғана жарауы мүмкін. Оларды кинологтар сұрыптап алады.

Ерік Кәрібаев, облыстық ПД кинологиялық орталығының аға инспектор-кинологы:

- Иттердің арасында жұмыскерлері болады, жалқауы да болады. Сондықтан алдында айтып кеттім ғой, итті тестілеуден өткізіп, сонда ғана біз қызметке қоямыз оны.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- «Әлемде қанша адам болса, сонша иіс бар. Олардың қайталануы мүмкін емес», - дейді мамандар. Мәселен мына бір құтыларда белгісіз адамдардың иісі сақталған. Оның нақты кімдікі екенін тек қана иттер таба алады.

Игорь Семёнов, облыстық ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы:

- Иттер бір-бірімен келісе алмайды. Әрі алдамайды. Мысалы тергеуге бірнеше итті саламыз. Бәрінің таңдауы бір болса, ол дәлел ретінде қолданылады. Қылмыскерлер қанша қулық танытса да, иісін өзгерте алмайды.

Иістерді зерттейтін ғылымды «одорология» дейді. Полицейлер үшін биодетектор. Петропавлда жиналған база 200-дей қылмысты ашуға септігін тигізді.

Авторлары: Айдарбек Атмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы