428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзендегі автогаз мәселесі қашан шешіледі?

  • 113
  • UPD: 00:46, 10.10.2020
Жаңаөзендегі автогаз мәселесі қашан шешіледі?

Апта басталғалы Жаңаөзендегі автогаз бекеттерінде ұзын-сонар көліктің кезегі бір толастамай қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар сұйық отын құятын станциялар ашылмай тұрып, таңсәріден барып кезек сайлап жүр. «Газдың құны 52 емес, 60 теңге болса да сатып алуға дайынбыз. Тек барлық жерде бірдей сатылымда жоқтығы қынжылтады», - дейді көпшілік.

Расында да, соңғы жылдары шешімі табылмай қойған осы сұрақ маусымдық мәселеге айналып барады. Арна тілшісі Талғат Исламұлы қордаланған көп сауалды қала билігіне, одан қалды энергетика министрлігіне жолдаған еді.

Талғат Исламұлы, тілші;

- Жаңаөзенге кіреберіс жол бойында тұрған газ бекетіндегі көлік кезегіне қарап, қала ішіндегі станциялардың дені жабық екенін түсіндік. Көлік жүргізушілер қатты ашулы. Кезегі жеткен кезде газ таусылып қалып, басқа жерден іздеуге мәжбүрлік көпшіліктің жүйкесін жұқартты. Айтуларынша, сұйық отынға тапшылық осы сейсенбіден бастап қайта туындаған.

Блиц 1:

- Қазір мынау жауып тастайды, тағы бір жерге кетесің сосын кезекке. Неге десең, осы машиналардың толық газ алуына гарантия жоқ қазірде. Тұрған жерде сен алатыныңды білмейсің. «Бітіп қалды» дейді, жабады. Сосын тағы бір жерге барып кезекке тұрасың.

Блиц 1:

- Мынау әр жерде өздері бағаны көтеру үшін жауып қойған сияқты. Мысалға қарасаң, түстен кейін мынау қазір ашуы мүмкін. Ал мынау жауып тастауы мүмкін. Теңге жақта 2-3 жерден ашып қойған. Қаланың ішінде де екі жерде ашып қойған. Мынау бағаны көтеру үшін жасап қалай болса да.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Жаңаөзенде қазір 37 мыңдай көлік бар. Оның 34 мыңға жуығы газбен жүреді. Қала аумағында сұйытылған отынды сататын 60 кәсіпкерлік нысан орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, күні кеше олардың тек 14-15-і ғана ашық болыпты. Ал, бүгінгі таңнан бері 7-8 бекет қана жұмыс істеп тұр.

Қала ішіндегі бекеттерді шарлап шыққан соң жергілікті газ өңдеу зауытына телефон шалдық. Кәсіпорын басшысы айлық жоспарды толық көлемде орындап отырғанын айтып, жауапты қысқа қайырды. Ал қала билігінің өкілі «соңғы екі айда зауыттан кәсіпкерлерге босатылатын көлік газының көлемі қысқарды. Осыған қарамастан, бұл жолғы мәселе апта соңына дейін шешіледі», дейді.

Жібек Бекова, «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы» ММ басшысы:

- Қыркүйек айына дейін кәсіпкерлеріміз 44 тоннадан алып тұрды. Одан бастап әр кәсіпкерден 2 тоннадан қысқартылды. Одан кейін қазан айында тағы 2 тоннаға қысқартылды. Қазір біздің кәсіпкерлеріміз 40,5 тоннаға түсіп қалды. Кешеден бері қарата біз 83 тонна алдық, бүгін 93 тонна аламыз. Және электронды порталға түскен біздің 1-2 кәсіпкеріміз. Сондықтан біз бүгінгі күні 100 тоннадай сұйытылған газды аламыз деп отырмыз. Сол ұлғаюына байланысты кеше 8-9 кәсіпкер алса, бүгін енді 10-11 кәсіпкер газын алады. «Қазақгазөңдеу» зауытында кезекте тұр. Әрине, кезек болады ол жерде де. Себебі, барлық аудан-қала осы жерге келіп алады.

«Жаңаөзендегі зауыт бір айда 1200 тонна тонна көлік отынын шығарады. Оның 10 мыңы газды бөлумен айналысатын бес мекемеге беріледі. Қалғаны да электронды портал арқылы жергілікті нарықта саудаланып отыр. Яғни, Маңғыстау өңірінде көлік газына тапшылық жоқ. Аймақ әкімдігі әлгі мекемелермен байланыста болып, олардың атқаратын қызметін үйлестіре алса мәселе шешіледі. Бұл Энергетика министрлігінің өкілі берген жауап. 

Қуаныш Сәрсекеев, ҚР ЭМ Газ және мұнай-газ химиясы департаменті директорының орынбасары:

- Әкімдік көлік газын бөлумен шұғылданатын мекемелер қызметін бір жүйеге түсіруді қолға алғаны жөн. Жаңаөзендегі «Қазақгазөңдеу» зауытының өнімін бір ғана Маңғыстау облысы тұтынады. Бұл жерде газ тапшылығы бар деуге келмейді, сұйық отын артығымен шығарылады. Яғни, жергілік атқарушы орган автогазды сатып алушылар мен жеткізуші ұйымдар арасындағы байланысты реттеуі қажет.

Маңғыстаулықтар бір айда тұтынатын көлік газына сұранысы 19 мың тоннаға жетті. Бұл – еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Осыған орай сала министрлігі әкімдікпен бірлесе, жер қойнауын пайдаланушылардан газ өңдеуші зауыттарға қосымша 980 тонна шикізат жеткізуді жүзеге асырып жатыр.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев

Хабар 24 телеарнасы