432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы автобустарға ауаны тазартатын жарық шамдар орнатылды

  • 159
  • UPD: 00:09, 10.10.2020
Алматыдағы автобустарға ауаны тазартатын жарық шамдар орнатылды

Алматыдағы қоғамдық көліктерді дезинфекциялау мақсатында екі автобус бактерияларды улап, ауаны тазартады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адамның денсаулығына ешқандай залал келтірмейді. Әзірге бұл жарық шамдар қалада жолаушы тасымалдайтын №71 және №37 бағыттағы екі автобусқа орнатылған. Компанпия өкілдері «бұл әзірге сынақ түрінде іске асырылған санитарлық сақтық шарасы» дейді.

Ғани Мәкежанов, қоғамдық көлік жүргізушісі:

- Күнде азанда шығамыз. Қаланың ана басынан мына басына дейін қатынаймыз. Сол әр рейс сайын аялдамаға жолаушыларды далаға шығарып, 5-6 минут қосып қоямыз мына лампаны бактерияға байланысты. 5-6 минут өткеннен кейін келіп өшіреміз. Мына жерде кнопкасы бар. Одан кейін адамдарды кіргіземіз. Күнінен 7-8 рет қолданылады бұл нәрсе.

Хабар 24 телеарнасы