432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы заңнама жыл соңына дейін дайын болады

  • 185
  • UPD: 00:25, 10.10.2020
Зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы заңнама жыл соңына дейін дайын болады

Зейнетақы жинағын мақсатты пайдалануға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер осы жылдың соңына дейін дайын болады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникация қызметіндегі баспасөз мәслихатында хабарлады. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, қымбат тұратын ем ақысын төлеу немесе жекеменшік басқарушы компанияларға басқаруға беру үшін пайдалану тәсілдерін әзірлеген. Сондай-ақ министр бұл қаражаттан 10%-тік салықты ұстамау туралы сұрақтың қарастырылып жатқандығын атап өтті.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Негізгі параметрларымыз тек сатып алумен ғана шектеген жоқпыз. Бұл жалпы тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталғанды жөн көрдік. Сол қаражатқа тұрғын үйді немесе жер телімін сатып алуға болады. Бұл жерде тек жаңа үй ғана емес, қайталама нарықтан да тұрғын үй сатып алуға болады. Ипотека алуға алғашқы жарна ретінде пайдалануға болады. Өз ипотекасын жабуға болады. Немесе оны қайта қаржыландыру мақсатында пайдалануға болады. Бұл жерде ол ипотека қай банктен алынды, қандай бағдарлама арқылы ол тұрғын үй сатып алынды немесе ол қолдан сатып алынды ма оның бәріне шек қойылмайды.

Елімізде азаматтарға тиесілі әлеуметтік төлемдерді «электронды әмиянға» жіберу жоспарланып отыр. Министрдің айтуынша, бұл әмияндар әр адамның жеке идентификациялық нөмірі негізінде ашылады. Айта кетейік, қазір мемлекеттен қаражат алу үшін IBAN карточкалық шоты қажет. Ол әлеуметтік төлем алушыларға қосымша ыңғайсыздықтар туғызады. Шотты ашу үшін банкке бару керек. Ал, электронды әмиян арқылы тек жәрдемақы ғана алып қоймай, тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін төлемдерді штрих-QR код арқылы төлеуге болады. Ол үшін арнайы мобильді қосымша жасалады.

Хабар 24 телеарнасы