430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Іле Алатауы паркінің жанындағы құрылыс табиғи апатқа ұшыратуы мүмкін

  • 146
  • UPD: 09:19, 10.10.2020

Алматыда Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жанында заңсыз құрылыс жүргізіліп жатыр. Егер бұл жұмыстар жалғаса беретін болса тау етегінде тұратын тұрғындарға табиғи апат қауіп төнуі мүмкін. Алайда қазандықтарды қазып жатқан мердігер мекеме ескертулерді елер түрі жоқ. 

Сел қаупі бар аймақ! Фесенков атындағы астрофизика институтына қарасты обсерватория жанында ескертуге қарамастан қазандықтар қазылып жатыр. Құрылысты бастаған мекеме иесі жақын маңда тұратын тұрғындардың арыз-шағымын тыңдағысы жоқ. Бұған наразылық білдірген тұрғандар уәжі мынадай.      

Василиса Қуанышева, қала тұрғыны:

- Он күннен бері бұл жердің ойраны шығып жатыр. Бір жеті бұрын арнайы техника жерді қазу жұмыстарына кірісті. Бірақ бүгін неге екені белгісіз жұмыс жүріп жатқан жоқ. Бұл жерде қазуға болмайды. Ертең сел болса кім жауап береді?

Шағымданған тұрғындардың айтуынша, 2006 жылы бүл жерде 1 гектар алма бағы  түгел  шабылып, 12 қазандық қазылды. Соның салдарынан жеміс ағаштары азайды. Мамандардың айтуынша, ағаштарды бұтарлап, тамырымен қопаруға болмайды. Өйткені  олар  қар көшкіні мен селге табиғи тосқауыл болады. Бірақ табиғи апатты ескеріп жатқан ешкім жоқ. Ал Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің өкілдері болса бұл жер парк шекарасынан тыс жатыр дейді.      

Жайлықұл Досымбеков, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі филиалының инспекторы:

- Територия бізге қарамайды. Үйлер біздікі жоғарғы жағы Іле Адатау Ұлттық паркіне қарайды. Ал мына жер қазып жатқан жер қаланың жері.

Осы жағдайдың анық-қанығын білу үшін біз қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына хабарластық.

Алмас Манияров, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының маманы:

- Аталған мекен-жай бойынша біздің басқармадан ешқандай рұқсат берілген жоқ. Құрылысты заңсыз жүргізу әрекетіне қатысты  қала құрылысын бақылау  басқармасына арнайы хат жолдадық. Солардың шешімін күтеміз.  

Жергілікті тұрғындар бұл жерде ешқандай құрылыс жұмыстарының жүргізілгенін қаламайды. Ал қазандықтар одан әрі қазыла берсе көктемде сел жүріп, табиғи апат болуы әбден мүмкін. 

Алмас Садуақас, Анастасия Вылегжанина, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы