428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да тағы екі елді мекен карантинге жабылды

  • 165
  • UPD: 20:09, 10.10.2020
СҚО-да тағы екі елді мекен карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл мен Малютка аудандарының орталығы карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Явленко ауылы мен Мамлютка қаласында бүгін түнгі 12-ден бастап, кәсіпкерлік нысандар мен тұрғындар үшін шектеу шаралары енгізіледі. Бұған дейін Булаева ауылында да оқшаулау шаралары енгізілген болатын. Бұл елді мекенде қауіпті вирусты 15 адам жұқтырған еді. Ал Явленко ауылында соңғы екі аптада жағдай тұрақты болды. Бірақ бүгін 7 бірдей адамның індет жұқтырғаны анықталды. Ауданның санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, егер инфекция жұқтырғандардың саны 7 адамға жетсе, елді мекен карантинге жабылады.

Мамлюткада осындай 14 жағдай тіркелді. Енді қала халқының түнгі оннан бастап таңғы 6-ға дейін көшеде себепсіз жүруіне шектеу қойылды. Тек азық-түлік пен дәріханаларға баруға рұқсат. Мамлютка ауданы әкімінің орынбасары Алмагүл Рамазанованың айтуынша, мектептерде оқу үрдісі онлайн режимде жалғаса береді. Кезекші сыныптар үшін де өзгеріс болмайды.

Азық-түлік дүкендерінің жұмысы кешкі он бірден тоғызға дейін қысқартылды. Сыртта жұмыс істейтін тұрғындардың рұқсат қағазы болуы тиіс. Әзірге карантин 14 күнге созылады.

Хабар 24 телеарнасы