432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Түркістанда қоғамдық бақылау күшейді

  • 164
  • UPD: 10:59, 12.10.2020

Түркістанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қоғамдық бақылау күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы рейд ұйымдастырылып, ұтқыр топтың құрамына қала және аудан полицейлері, әкімдік қызметкерлері, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен кәсіпкерлік палатасының қызметкерлері енді.

Тексеру барысында шаһардағы дүкендер мен көпшілік тамақтанатын орындарды аралау барысында кәсіпкерлік нысандардағы карантиндік талаптардың сақтала бермейтіні анықталды. Мәселен, азық-түлік дүкендерінде сатушылар да алушылар да бетперде тақпайды, кіреберісте антисептикалық сұйықтықтар қойылмайды. Дәл осындай жағдай дәмханалар мен мейрамханаларда да қалыптасқан. Естеріңізге салайық, бұған дейін осы өңірде 217 адам отбасылық той-жиын өткізіп, ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылған болатын.

Тәртіп сақшылары облыста шектеу шараларына қарамастан ережені елемейтіндер қатары көбейіп отыр дейді. Түркістан облысының полицейлері «Халықтық санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарын бұзу» бойынша 2889 әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады.

Хабар 24 телеарнасы