427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі

  • 124
  • UPD: 11:08, 12.10.2020

Маңғыстау облысы бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілді.

13 қазан 00.00 сағаттан бастап өңірде карантин талаптары күшейтіледі деп хабарлайды арна тілшісі Гүлмира Әбішева. Яғни тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері өз жұмысын тоқтатады. Спорт нысандары, фитнес орталықтары мен жаттығу залдары жабылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі. Көпшілік жерлерде маска тағу және арақашықтық сақтау қатаң қадағаланады. Тәртіпке бағынбағандар мен заң бұзғандарға айыппұл қарастырылған.

Ғазиз Надуев, облыстың бас санитар дәрігері:

– Тамақтану орындары сағат 21.00-ге дейін шектеліп, 30 орынға дейін рұқсат берілді. Мұның бәрі бүгінгі таңда осы қазан айының басындағы облыс көлемінде коронавирус ауруының тіркелуіне байланысты. Бүгінгі таңда қыркүйектің бірінші онкүндігіндегі көрсеткіштің көбеюіне байланысты халықтың ортасында қарым-қатынасты тоқтату үшін осындай шешім қабылданып отыр.

Хабар 24 телеарнасы