429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде үш мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

  • 215
  • UPD: 10:12, 12.10.2020
Елімізде үш мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3022 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 72 бала бар. Стационарларда 2030 науқас жатыр, 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы