432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды

  • 150
  • UPD: 14:03, 12.10.2020

ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының арқасында елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақытылы көмек көрсетті.

30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Ол әуежайдан карантин стационарына жеткізіліп, қажетті зертханалық тексерулерден өтті.

Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері сараптама алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды.

Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымсыз. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды.

Хабар 24 телеарнасы