429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қараусыз мал айыппұл қорасына қамалды

  • 197
  • UPD: 13:20, 12.10.2020
ШҚО-да қараусыз мал айыппұл қорасына қамалды

Биыл шығыста 8 жарым мыңнан астам мал арнайы айыппұл қорасына қамалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы полицейлердің айтуынша, бұл – мал ұрлығымен күресудің бір жолы. Себебі ұрылардың көзі әуелі иен далада, бағусыз малға түседі. Сонымен қатар кейбір жол-көлік апаты да осы төрт түліктің кесірінен болады. Осындай жағдайдарды болдырмау үшін облыс бойынша барлығы 262 уақытша мал қамайтын арнайы орын дайындалған. Мұндай жерге егістікке түсіп кеткен және құлағында сырғасы жоқ төрт түлік те жеткізіледі. Өз малын дұрыс қарамаған 2 мыңнан астам азаматқа биыл әкімшілік айыппұл салынған.

Талғат Нұриев, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

– Өріске бос жібере салады. Малдарына бір күн, бір аптадан қарамайды. Ол малдың қайда жүргенін ешкім білмейді. Содан кейін бір апта өтіп, он күн өтіп, өріске барғанда таппайды. Одан соң, менің малым ұрланды деп арыз жазады. Сосын учаскелік полиция инспекторы сол малды тапқанша іздеп жүреді.

Хабар 24 телеарнасы